Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Айымбетов Қазақстанды ғарышқа тағы бір қадамға жақындатты (ФОТО)

Үшінші қазақстандық ғарышкер, сынаушы ұшқыш, ҚР ӘҚК полковнигі, әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш стансасына 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ұшты. Ол «Союз ТМА-18М» зымыранының борт-инженері қызметін атқарды және ғарышта бірқатар зерттеулер жүргізіп, онда 10 тәулікке жуық уақыт болды.
Астана қаласы 30 Қазан, 19:34

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын берді және айрықша ерекшелік белгісі - Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденімен марапаттады.

«А.Айымбетовтың сапары - Қазақстан ұлттық экономикасы инновациялық ғарыш саласының даму кезеңінің басы.  Бұл салада ахуалымыз жоғары. Біріншіден, біз Астанада сынақ аппараттарын зерттеу кешенін құрудамыз, бұл ТМД елдерінде ұқсастығы жоқ, жоғарытехнологиялы кәсіпорын болып есептеледі. Екіншіден, 2014 жылы біз жоғары ғарыштық навигация жүйесінің инфрақұрылымдық жер жүйесін құрдық. Үшіншіден Қазақстанда ғылыми-технологиялық қолданудың ғарыштық жүйесін жобалау жүргізілді. «Төртіншіден, ғарыш саласы бойынша кадрларды дайындау мен қызметкерлердің біліктілігін арттыу қарастырылған. Ол Қазақстанның ғарыштық саласы бойынша ЖОО мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуды қарастырылады. Бесіншіден 4 жыл ішінде «Қазғарыштың» ғылыми ұйымдары 37 ғылыми-зерттеу жүргізіп, 5 патентті ұтып алды», - деді Мемлекет басшысы Ақордадағы марапаттау салтанатында. 

Өз кезегінде, А. Айымбетов  Президент пен халқына сенім білдіргені және халықаралық экипаж құрамында болу мүмкіндігін бергені үшін алғыс білдірді.

«Президент мырза маған сенім білдіргеніңіз үшін және халықаралық экипаш құрамында болу құрметіне лайық деп тапқандарыңыз үшін қуаныштымын. Қазақстандық ғылыми зерттеу бағдарламасы толығымен орындалды, еліміздегі ғарыш қызметінің дамып жатқанына қуаныштымын», - деп ағынан жарылды қазақстандық ғарышкер.

Сонымен, Экипаж құрамын растайтын мемлекеттік комиссия «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің командирі мен бортинженерлерін 2 қыркүйек күні Халықаралық ғарыш станциясынан ұшатынын растады. Негізгі экипаждың құрамы: кеме командирі, ХҒС-45/46 бортинженері ресейлік Сергей Волков, қазақстандық ғарышкер, ЭП-18 бағдарламасы бойынша 2-ші бортинженер Айдын Айымбетов, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты, ХҒС ЭП-18 бортинженер Андреас Могенсен.

«Союз-ФГ» ракета-тасымалдаушысы «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан  7 сағат 37 минутта ұшты.

Кеменің Халықаралық ғарыш станциясымен тоғысуы 4 қыркүйекте жүзеге асырылды.

Ғарыш сапары барысында Айдын  Айымбетов бірқатар физикалық-ғарыштық зерттеулерді жүргізді, атап айтқанда «Дауыл»,  Релаксация» зерттеулерін және Арал мен Каспий теңізінің экологиялық ахуалына ғарыштық мониторинг жүргізді.

Сонымен, А. Айымбетов 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірді. 1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарды. Ұшқыш-истребитель. Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді. Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.  2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. 09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалынды. Ал, 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.

Ғарыштың қазақстандық батыры атап өткендей, дайындық үшін бірінші кезекте жоғары білім керек, себебі онсыз дайындық барысында берілген білімді меңгере алмайсын. Сонымен қатар мықты денсаулық ауадай қажет. Онсыз дайындықты немесе ұшу сапарының бағдарламасын өте алмайсын.

«Егер дайныдық туралы айтатын болсақ,  оның бірінші кезеңі жалпы дайындық – 2 жылға созылады. Ол аяқталғаннан кейін ғарышкер-сынаушы атағы беріледі. Одан ары мамандандыру тобында дайындық өтеді, білімін жетілдіріледі. Содан кейін барып сен экипаж құрамында дайындыққа өтесін. Менің жағдайымда 12 жыл уақыт қажет болды», - деді ғарышкер.

Айта кетерлік жайт, Айдын Айымбетов өз сапарына 2001 жылдан бастап дайындалды, көптеген жылдар бойы біздің отандасымыз дайындалып, қиындықтарға қарсы жүрді. Осылайша ол табандылық таныта отырып өзінің кәсіби маман екенін дәлелдеді және өзінің көптен күткен арманына 2015 жылы қол жеткізді.

А. Айымбетов сендіргендей, сапар барысында ХҒС барлық мүшелері тату отбасы ретінде өмір сүріп, «ғаламшарлық тілде» өзара сөйлесті.

«Орбитадан Жердің шекарасы көрінбейді. Сондықтанда ХҒС-да біз ағайындылар болдық, сонымен қатар сапар барысында өзара «ғаламшарлық тілде» әңгімелестік. Онда халықаралық терминдер болды.  Алғаш рет станцияға келгенімде, келіссөздерге отырғанда «Ассалаумағалейкум, жер тұрғындары!» деген сөз еркімнен тыс шығып кетті», - деп еске алды ғарышкер.

Қазақстандық ғарышкер атап өткендей, ғарышқа сапар барысында адам өз өмірін ой елегінен өткізеді.

«Менің есіме басшыларымның, ата-анамның, достарымның айтқан сөздері келді. Ғарышта олардың бәрін қайта ой елегінен өткіздім. Жалпы ғарыштан қайта оралғанда бұрынғыдан сабырлы болуды үйрендім. Сонымен қатар қаншалықты патриот болу маңызды екенін түсіндім. Себебі менің ғарышқа сапарым қолдау көрсеткен  елімнің, Президентімнің, халқымның арқасында  болды емес пе», - деп түйді А. Айымбетов.

Индира Кауметова

Фото Азамат Әлиев пен Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика