Басқару

Әділет Министрлігінің өкілдері «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтардың өтініштерін тыңдады

«Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында Әділет министрлігінің хатшысы Марат Бекетаев және Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым азаматтарды жеке сұрақтары бойынша тыңдады.
Астана қаласы30 Қазан , 19:28

Сарыағаш қаласының тұрғыны Мақпал Тұрлыбекова видеоконференция байланысы арқылы қоғамдық қабылдауға қатысты.

«Мен екі баланың анасымын, өзім университетте оқимын. Бұрынғы күйеуім алимент төлеуден бас тартуда. Осы мәселе бойынша көмектесуіңізді сұраймын», - деді М.Тұрлыбекова.

М.Бекетаев бұл сұраққа қатысты аймақтың сот және атқарушы инстанцияларына көтерілген мәселені толық зерттеуді тапсырды. Дәл осындай сұрақпен қабылдауға Астана қаласының тұрғыны Гүлнұр Сағымбаева келді. Министрліктің өкілдері өтініш иесін тыңдап, аталған мәселе бойынша жұмыс атқарылатынын айтты.

Сонымен қатар, жергілікті жекеменшік нотариустың қызметіне наразылығы бар екенін Галина Самерга жеткізді. «Горбатенко есімді нотариус жылжымалы мүлікті заңсыз түрде тіркеп, келісімшарттарды  жалған түрде рәсімдеген», - деді Г.Самерга. Бақытжан Әбдірайым бұл сұрақ бойынша жекеменшік нотариусқа ресми хат жолданып қатаң бақылауға алынатынын айтты.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика