«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚазАвтоЖол ҚР-дағы жол-көлік инфрақұрылымын күту және дамыту бойынша бірыңғай оператор аталды

ҚазАвтоЖол Қазақстандағы жол-көлік инфрақұрылымын күту және дамыту бойынша бірыңғай оператор аталды, деп ұлттық компаниядан хабарлады.
Казахстан30 Қазан , 19:12

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бастылды. Жол саласының алдында 7 мың шақырым автомобиль жолын қайта қалпына келтіру міндеті қойылған, олар елордамызды сәуле принціпі бойынша аймақтармен байланыстырады және көлік қызметтерін коммерцияландырады, сонымен қатар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» мегажобасын аяқтауға септігін тигізеді.

Бұл жобалар Қазақстанды тасымал әлеуетін арттыру бойынша стратегиялық міндеттерді толығымен орындауға бір қадам жақындатады және Орталық-Азиялық аймақтағы логистикалық хабқа айналдырады.

Елбасы инвестициялық тартымдылықтың жаңа деңгейіне көшу үшін ЭЫДҰ талаптарына сәйкес 5 институцоналды реформаны жүзеге асыру мақсатында Ұлт жоспары «100 қадамды» жариялады.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту Жоспардың басты бағыттарының бірі болып саналады,  ол 58 қадамда атап көрсетілген. Яғни жол-көлік инфрақұрылымын күту және дамыту үшін бірыңғай операторды құру жолында инвесторларды тарту.

Қолайлы инвестициялық климат жасақтау мақсатында Елбасы 27 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталмыш заңға сәйкес ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ-ға қосымша жаңа міндеттер жүктелді.  

Біріншіден, Ұлттық оператор автожол саласына стартегиялық инвесторларды тарту керек.

Екіншіден, Ұлттық операторға республикалық маңыздағы жолдарды жөндеу, ағымдағы күту, жобаларды басқару бойынша жаңа өкілеттілік беру туралы шешім қабылданды.

Ұлттық оператор республикалық маңыздағы ортақ қолданудағы автожолдардың жол сервисін дамытуды үйлестіретін болады.

Ақылы жолда жүру жүйесін енгізуге тартылған инвестицияны қайтару, жаңа техниканы сатып алу және оны күту ақылы жолдарда алынған төлем есебінен жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар 3–ші санаттағы автожолдарда жүк көліктеріне ақы төлеуді енгізу қарастырылған, бұл өз кезегінде республикалық бюджетке түсетін салмақты азайтады.

Осылайша Ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ жол-көлік инфрақұрылымын күту және дамыту бойынша мәселелермен айналысатын болады.

Инвесторлар еліміздің көлік жүйесін жаңғыртуға және салуға сенімдірек өз қаржыларын құятын болады, себебі ол Бірыңғай оператордың басшылығымен дамытылады. 




Яндекс.Метрика