Халықаралық интеграция

Астанада стандарттау жөніндегі халықаралық кеңестің Метрология комиссиясының 42 отырысы өтуде

Астана қаласында ТМД қатысушы мемлекеттердің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық кеңестің Метрология бойынша ғылыми-техникалық комиссиясының 42 отырысы және СХК бұзбайтын бақылау бойынша жұмыс тобының 17 отырысы өтуде, деп хабарлады ИДМ.
Астана қаласы 30 Қазан, 18:57

Отырыстың модераторы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан метрология институты» РМК көмегімен  болуда.

Шарада Ресей, Украина, Белоруссия, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан метрология жөніндегі ұлттық органдарының өкілдері қатысуда.   

Кездесу барысында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекетаралық стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды әзірлеу, метрологиялық жұмыстардың нәтижелерін өзара мойындау туралы келісімдерді іске асыру, өзара жеткізілетін энергия тасушылардың есебін және сапасын жетілдіру бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттарды әзірлеу, газды калориметрия сондай-ақ басқа отындардың түрлері  саласында газды отынның құнарлығын (жану энергиясы) өлшеудің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін құру, бойынша  өңірлік ынтымақтастықты және де басқа сұрақтарды талқылау жоспарланады. 

Бір уақытта, бұзбайтын бақылау бойынша жұмыс тобының отырысы қарастырылуда, бұнда экономиканың көп салаларында кең қолданылатын және ерекше кауіпті және жауапты нысандардың  техникалық жағдайын олардың пайдалануын тоқтатусыз немесе жөндеусіз бұзылмаған жағдайында ұстауға мүмкіндік беретін аспап ретінде қарастырылады.

МетрҒТК шеңберінде жүзеге асырылатын, қызмет және оның жұмыс топтарының қызметі ТМД елдері арасындағы саудалық және экономикалық байланыстарды одан да әрі бекітуге, метрологиялық жұмыстарды тану және метрологиялық үрдіртерді жеңілдетуге, қаржылық және өндірістік ресурстарды үнемдеуге, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйелерін дамыту бойынша келісілген шешімдерді өңдеуге мүмкіндік береді, бұл Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД елдер шеңберінде интеграцияны бекіту үшін қажетті жағдайды жасайды

 

 





Яндекс.Метрика