Халықаралық интеграция

Қазақстан Елшісі Италия Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Римде «Квиринале»президент сарайында Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшісі Сергей Нұртаев Италия Республикасының Президенті Серджио Маттареллаға сенім грамотасын табыстады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қазан , 18:42

Сенім грамотасын қабылдау кезінде Италия Президенті қазақстандық Елшіні жылы лебізбен қарсы ала отырып, оны тағайындаумен құттықтап, қазақстандық-италиялық стратегиялық ынтымақтастықты ілгерлетуде табыс тіледі.

Италиялық мемлекет басшысымен әңгімелесубарысында Қазақстан елшісі саясат, экономика, мәдениет және білім беру салаларындағы екіжақты қатынастардың даму үрдісінің жоғары деңгейін атап өтіп, оған Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық әріптестік туралы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің септігін тигізетіндігі туралы мәлімдеді. Сонымен бірге, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа серпін беру қажеттілігіне назар аударылып, екіжақты күн тәртіптегі жақын арада болатын шаралар талқыланды. Қазақстандық дипломат алдында тұрған мақсаттарға жетуге және екіжақты қатынастарды тереңдетудің жаңа жолдарын іздестіруге күш салатындығын айтты.,

Өз кезегінде, Италия Президенті Қазақстанның қазіргі әлемдегі өсіп келе жатқан рөлі мен елдің қарқынды дамуына назар аударып, екі мемлекеттің арасындағы достастық қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

 




Яндекс.Метрика