Адамзаттық капитал

«Expo & Women» қозғалысы іскер әйелдерге арналған 4 байқауды жүзеге асыруды жоспарлауда

«Expo & Women» қозғалысы іскер әйелдерге арналған 4 байқауды жүзеге асыруды жоспарлауда.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Expo & Women» (халықаралық әйелдер ұйымы) президиумның төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлім етті.
Астана қаласы30 Қазан , 16:21

«Әлемдік қоғамдастық біздің түрлі бастамаларды Италия алаңында өткізуді қолдауға дайын. Біз кинофестивальді өткізуді ұйымдастырған кезде Италияның алдыңғы қатарлы режиссерлерімен кездесіп, экология, инновациялар мен «жасыл» технологиялар туралы әлеуметтік роликтер байқауын өткізу туралы келістік», - деді С. Рахымбекова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда әлем елдері режиссерлері бізге осы тақырып бойынша өздерінің жұмыстарын жібере алады. Осы шара болашақ энергиясына негізделген «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбын алға жылжытуға қолдау болмақ.

«Бірінші байқау ұсынылған ЭКСПО белгісін басқаратын өндірістік кәсіпорындары бар әйелдер. Егер біз осы сынды компанияларды айтсақ, олар ЭКсПО серіктестігіне ұсынылатын болады. Екінші байқау – иновациялар стартапы. Өндірістік кәсіпорындары бар әйелдер олардың компаниясын қандай жағдай бәсекеге қабілетті қылатынын түсінгісі келеді. Біз сондай байқау жариялағымыз келеді. Үшінші  - қолөнер саласы бойынша. Қазақстандық егеменді өнім инновациялық қолданыста болуы керек. Төртінші – «Болашақтың энергиясы» сынды ауқымды жоба бар. Біз 1 желтоқсанға қарсы бұл байқаумен таныстырамыз», - деді ол.

Айта кетерлігі, байқаулар келер жылдан бастап жүзеге асады. 2016 жылдың соңында жеңімпаздар анықталады.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика