Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстан техникалық суды тазарту бойынша Италия тәжірибесін игеруде

Қазақстан техникалық суды тазарту бойынша Италия тәжірибесін игеруде, деді «EXPO&WOMЕN» Инновациялыр және «жасыл» технологиялар комитетінің төрағасы Татьяна Немцан ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Болашақтың энергеиясы: әйел, бизнес, жаһандық экономика» іскер әйелдер форумының қорытындысы бойынша өткен брифингте.
Астана қаласы30 Қазан , 16:02

«Біздің  делегацияның негізгі міндетінің бірі «жасыл «технология саласындағы алдыңғы технологияларды зерттеу. Италия ЕО елі ретінде халықаралық аренада ауқымды жұмыс атқарды, олардың үздік технологиялары мен тәжірибесін өзімізге алып, зерттеп көрсек өте қызықты болар еді», - деді Т.Немцан.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін техникалық суды тазарту бойынша Италия тәжірибесін қолданбақ.

«Біз үшін аз уақыттың ішінде техникалық судан ауыз су жасайтын компанияның жұмысы өте қызықты болды. Егер бұл қолжетімді, ыңғайлы қондырғы болса, оны аудандарда қолдану өте тиімді болар еді», - деді ол.

Айта кетейік, Италияда 2015 жылдың 19-26 қарашасы аралығында «Болашақтың энергеиясы: әйел, бизнес, жаһандық экономика» форумы өтті, шараны «EXPO&WOMEN» әйелдер ұйымы ұйымдастырды.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика