Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ШҚО-ның Көкпекті ауданында асыл тұқымды балық өсіретін шаруашылық жанданады

Құлынжон ауылдық округінде албырт, көксерке сынды асыл тұқымды балық өсірумен айналысатын шаруашылықтың құрылысы аяқталуда. Бұл жайлы баспасөз маслихаты барысында Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандықов мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан30 Қазан , 17:39

Жалпы құны 70 млн. теңге құрайтын жоба жергілікті «Кузьмич» ЖШС бастамасымен қолға алынған. Бүгінгі күні су қоймасында асыл тұқымды балықты өсірумен айналысу үшін бірқатар заманауи қондырғылар орнатылған.

«Өткен жылы Құлынжон ауылдық округінде көксерке балығын қолдан өсіру арқылы тәжірибе жүргізіп, оң нәтижеге ие болдық. Біздің аймақта көксеркенің шабағын алу мүмкін емес болатын», – деді Рамиль Сағандықов.

Аудан басшысының айтуынша, арнайы инкубаторлар пайдалану арқылы, Ертіс-Зайсан бассейніндегі ихтиофауна мәселесін шешуге болады. Сондай-ақ, Көкпекті ауданында балықтандыруды қажет ететін су бассейндері бар.

 




Яндекс.Метрика