Инвестициялар

2016 жылы «KAZNEX INVEST» «Made in Kazakhstan» брендін дамыту үшін қаржылай қолдауды ұлғайтуға мүдделі (ВИДЕОЛЕКЦИЯ, 7 БӨЛІМ)

2016 жылы біз шетелдегі қазақстандық өнімді шетелде таныстыру үшін қаржы құралдарын, шараларды көбейтуді жоспарлап отырмыз, деді Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында «KAZNEX INVEST» инвестициялар және экспорт бойынша Ұлттық агенттік» АҚ атқарушы директоры Асқар Арынов.
Астана қаласы 30 Қазан, 17:23

«Біздің базада 1500 компания бар, олар әр түрлі өнімді өндіреді. Біз өндірушілерге күрделі талап қоймаймыз, басты талап ел аймағында дайын өнім шығарылса болды. Егер біз қазақстандық қамту мен өнім өндіру бойынша қатал талап қойсақ, ол қолдауды төмендетеді. Егер әлемдік тарихқа қарайтын болсақ, Германия – дайын өнімді өндіру бойынша әлемдік көшбасшы», - деді А.Арынов.

Германия мен Жапонияның тәжірибесін айтатын болсақ, олар да алғашқы кезеңдерде қатал тәртіп орнатқан жоқ.

«Уақыт өте келе  жергілікті қамту өнімі өтуде. Сондықтан да кез келген өндірушіге бірінші кезекте шығындарды қысқарту қажет», - деді ол.

Келер жылдың келешегі туралы айтатын болсақ, А.Арынов өндірушілерді қаржылай қолдауды ұлғайту қажеттігін айтты.

«2016 жылы біз  шетелдегі қазақстандық өнімді шетелде таныстыру үшін қаржы құралдарын, шараларды көбейтуді жоспарлап отырмыз.Әлемдік дағдарыс кезінде әрбір ел өздеріне тиісті нарықты ұстап тұрғысы келеді. Біз 2016 жылы шетелдегі қазақстандық компанияларды, «KAZNEX INVEST» қазақстандық өкілдіктерді ашуға ден қоюды ұйғардық. Бұл шаралар қазақстандық өнімдердің танымалдылығын арттырады деп ойлаймыз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика