Үкімет

К.Мәсімов: Еркін сауда аймақ туралы Келісім – сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы посткеңестік кеңістіктегі басты құжат

Бүгін Душанбеде ТМД Үкімет Басшылары Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов баспасөзге арналған мәлімдемесін жариялады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде30 Қазан , 15:03

 

 


Баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде К.Мәсімов Қазақстан Достастықтағы төрағалығын аяқтайтынын еске салып өтті.
«Біздің жұмысымыздың өзегі сабақтастықты сақтау және алдында қабылданған келісімдерді жүйелі жүзеге асыру болды», - деді ҚР Премьер-Министрі.


Ағымдағы жылдың айтулы оқиғаларының ішінде К.Мәсімов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу бойынша іс-шараларды табысты жүзеге асыруды атап өтті. ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы аясында ондаған салтанатты іс-шаралар өткізілді. Мәдениет саласындағы маңызды оқиға Астанада ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның Х Мерейтойлық форумын өткізу болды. 


«Бұл іс-шаралардың барлығы өте пайдалы, себебі олар елдеріміздің арасындағы игі қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік береді», - деп баса айтты К.Мәсімов.


Сонымен қатар, бүгін өткен ТМД ҮБК отырысы барысында Достастыққа қатысушы елдердің экономика, сауда, мәдениет және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қатысты 40 мәселе қаралды.

«Бір жақты құрамда біз еркін сауда аймақ туралы Келісім – сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы посткеңестік кеңістіктегі басты құжатты жүзеге асыруды жете талқыладық. Кеңейтілген отырыс аясында ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясының үшінші кезеңін (2016-2020 жылдар) жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдап, мемлекетаралық пилоттық инновациялық жобалар Тізіміне қажетті нақтылаулар енгіздік», - деп толықтырды К.Мәсімов.

Бұдан өзге, Кеңес мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бойынша шешімдер кешенін, оның ішінде ТМД-ның 25-жылдығына, жастар ынтымақтастығын, дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған Іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Сондай-ақ, ТМД Үкімет басшылары мемлекетаралық іздеуді жүзеге асыру бойынша құзыретті органдардың өзара іс-қимылы Регламентін бекітіп, табиғи газды көлікке арналған мотор отыны ретінде пайдалануды дамыту және ынталандыру бойынша Іс-шаралар кешенін қабылдады.

Өз сөзінің соңында К.Мәсімов жылы шыраймен қабылдап, іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін тәжік тарабына және ТМД Атқарушы комитетіне алғыс білдірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика