Үкімет

Б.Сағынтаев Airbus Group Вице-Президенті С.Дэлонэмен ынтымақтастықтың басымдықты бағыттарын талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Airbus Group Вице-Президенті (ТМД) Сильвер Дэлонэмен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Қазан , 15:18

Кездесу ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары қарсаңында өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Airbus Group-пен серіктестіктегі бар жобаларды жүзеге асыруды талқылады, сондай-ақ болашақ ынтымақтастықтағы басымдықты бағыттарды белгіледі.

Airbus Group аэроғарыш және қорғаныс салаларындағы, сондай-ақ оларға байланысты қызметтерді ұсынуда әлемдік көшбасшы болып табылады.

Қазақстанда Топ келесі жобаларға қатысады: «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» бірлескен кәсіпорны (ЕС145 тікұшақтарын құрастыру, оларға қызмет көрсету және тікұшақ мамандарын қайта оқыту), «Қазақстан Ғарыш Сапарымен» ынтымақтастық (Құрастыру-сынау кешенін құру және Жерді қашықтықтан зондтау және байланыс спутниктерімен жұмыс жасау).

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика