Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ-да қауіпсіздік сертификатын алу үшін аудит жүргізілуде

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да қауіпсіздік сертификатын алу мақсатында аудит басталды, деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қазан , 17:08

Аталған үдеріс темір жол көлігі қауіпсіздігі Ережелеріне сай жүргізіледі. Бұл ереже республика аумағында биылғы жылдың тамыз айында өз күшіне енген.

Тексеріс барысында қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі, кадрлердің дайындық технологиясы, жол қауіпсіздігін қаржыландыру т.б. назарға алынбақ.

Айта кетелік, бұрын қауіпсіздік ұғымы көрсетілетін қызмет сапасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын. Ал бүгінде бұл ұғымның аясы кеңіп, адам өміріне, денсаулығына, мүлік пен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін  қалып болып саналады.

Жолаушылар мен жүкті тасымалдау кезінде көрсетілетін қызмет сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету үшін теміржол көлігі инфрақұрылым қауіпсіздігі менеджменті жүйесін құру негізгі шара болып саналады.

 

 




Яндекс.Метрика