Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ қағазсыз технологияны қолданысқа енгізуде

Екібастұз станциясының пилоттық полигонында шарттық және коммерциялық жұмыс автоматтандырылған басқару жүйесін (ШКЖ АБЖ) енгізді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қазан , 15:49

Қазіргі уақытта құжаттарды қағазсыз ресімдеу технологиясы Павлодар облысында қолданылады.  

Жаңа жүйе жүкті жіберушілер мен қабылдап алушыларға қызмет көрсетуде темір жолшылардың жұмыс сапасын жоғарылата түспек. ШКЖ АБЖ тапсырмалдарды ұйымдастыру үдерісін автоматтандыруды, құжаттарды рәсімдеу, жүк тасымалдарының төлемақысы, алдын ала электронды ақпараттандыру секілді операцияларды қамтиды.

Шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың жаңа жүйесі оң нәтижесін көрсетіп жатыр. Бұл технологияны жүк жіберушілер заманауй әрі ыңғайлы деп бағалады. Қағазсыз технологияға көшу көптеген келісімдер мен бекітулерден босатып, жұмыстың тиімділігін арттырады.  

«Бұрын көмірді тиісті жеріне жөнелту үшін тапсырысты тек жүкті шығаратын  Атығай станциясына ғана емес, Павлодар жол бөлімшесіне де жіберту керек болаты. Қазір барлығы өте ыңғайлы. Құжаттарды кеңседен шықпай әзірлейміз. Құжаттарды қысқа уақыт ішінде ресімдеуге қол жеткіздіп, ГУ-12 тапсырыстарының келісілуін қадағалап отыру мүмкіндігіне ие болдық»,- деді «Ангренсор Энерго» ЖШС логистика бөлімшесі бастығының орынбасары Данара Абдилдина.

Ол сондай-ақ, клиент/төлеушінің жеке шотында ақша қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін, «Жүк тасымалдарын есептеу үшін тұтынушының жеке кабинеті» қызметінің ыңғайлылығын атап өтті.

Келесі жылдан бастап шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың жаңа жүйесі (ШКЖ АБЖ) Қазақстанның бүкіл аумағында қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика