Халықаралық интеграция

Астанада «Үлкен Еуразия: жастардың диалог алаңы» атты халықаралық кездесу өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Үлкен Еуразия: жастардың диалог алаңы» атты халықаралық кездесудің ресми ашылу салтанаты өтті.
Астана қаласы30 Қазан , 18:09

Аталған кездесудің шылу салтанатын «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы: «Осындай халықаралық деңгейдегі кездесулер партияаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кепілі», - деп бастады.

Халықаралық кездесуге Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы мен Моңғолиядан «Жас Отан» Жастар қанатының халықаралық серіктестері келді. Аталған елдердің делегаттары «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.

Тәжірибе алмасу жөніндегі кездесу диалог, таныстыру және дискуссия түрінде болды. Жиында жастар мәселесі мен оларды шешу жолдары кеңінен талқыланады.

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу аясында Ресей Федерациясы және Монғолия жастар партияларымен өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.


 




Дерекнама

Яндекс.Метрика