Инвестициялар

Жапония Қазақстанға 4,6 млрд доллар инвестиция құйды (ВИДЕО)

Жапония Қазақстанға 4,6 млрд доллар инвестиция құйды, деді Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Рахым Ошақбаев.
Астана қаласы 30 Қазан, 15:34

«Жапония Қазақстанда өте белсенді инвестор болып есептеледі, біз Жапониядан 4,6 млрд доллар тікелей инвестиция тарттық. Әлемдегі күрделі мәселелерге қарамастан  бізде белсенді тауар айналымы бар, жылына 1 млрд доллардан асып жығылады», - деді вице-министр Астанадағы Қазақстан-Жапония бизнес форумында.

Р.Ошақбаевтың айтуынша, «Тойота» компаниясы Қазақстанда «Тойота Фортунер» жинауын ұйымдастырды, жоба әрі қарай даму үстінде.

«Жапония атом энергетикасы саласында да өте белсенді. Олар атом энергетика электр станциясын құрылысының үміткері болып есептеледі, ол тау-кен өндіру саласында маңызды стратегиялық мақсаттардың бірі болып есептеледі. Сондай-ақ, Ақмола облысында да бірқатар қызықты компаниялар бар. «Toyoda Sushi» қазақстандық астық, сәбіз, картоп өндірісіне инвестиция құйды», - деді ол.

Индира Кауметова 





Яндекс.Метрика