Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда 30 мың адам күреспен айналысады – МСМ

Біздің елде көпшілігі күреспен айналысады, олардың саны 30 мың адамды құрап отыр, бокспен 20 мың адам машықтанады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Мәдениет және спорт вице-премьері Сәкен Мұсайбеков.
Астана қаласы30 Қазан , 12:19

«Бұқаралық спорттың негізгі бөлігі президенттік тест тапсыру болып келеді. 2,5 млн адам аталмыш тестті тапсыруға қатысты. Тапсыру 2015 жылдың желтоқсанында аяқталады», - деді С.Мұсайбеков.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, «Біздің елде  көпшілігі күреспен айналысады, олардың саны 30 мың адамды құрап отыр, бокспен 20 мың адам машықтанады».

«Мәселен, Астанада су полосы болмады, бұл өте қымбат спорт түрі. Қазір Қазақстанның астанасы сәннің заңнамасына айналды. 500 бала бассейнге барады. Оның бірі «Локомотив» стадионы жанындағы 25 метрлік бассейн, «Қазақстан» СК бассейні, «Алатау» СК. Халық жүгіру мен тартылуды да әдетке айналдырған. Әкімдік 3,5 км-лік жүгіру жолағын дайындады. Онда әр түрлі жастағы адамдар машықтанады. Меніңше, көп адамдар денсаулығы зор, әдемі болғысы келеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика