Үкімет

К.Мәсімов Душанбеде өткен ТМД ҮБК отырысы аясында Тәжікстан Премьер-Министрі К.Расулзодамен кездесті

Бүгін Душанбеде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты.
Әлемде30 Қазан , 12:15

Сұхбат барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

«Біз елдеріміздің арасында қалыптасқан достық қарым-қатынас пен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін бағалаймыз», - деді К.Мәсімов.

«Сонымен қатар, біз Астана мен Душанбеде экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдету мен кеңейтуге жүзеге асырылмаған әлеует барын білеміз», - деп баса айтты ол.

Өз кезегінде, К.Расулзода Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығының деңгейіне жоғары баға беріп, мемлекетаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуды ұсынды.

Бұдан өзге, Кәрім Мәсімов ТМД делегациялары басшыларының Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен кездесуіне қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика