Адами капитал

ҚХА жанындағы Аналар кеңесі көпбалалы отбасына үй салуға көмектесті (ВИДЕО)

ҚХА жанындағы Аналар кеңесі көпбалалы отбасына екі қабатты үй салуға көмектесті, деп ағынан жарылды ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, көпбалалы ана ГүлжауҺар Төлегенова Астанадағы ҚХА Аналар кеңесінің 2-ші республикалық отырысында.
Астана қаласы 30 Қазан, 12:59

«Мен бір туған және 8 асыранды баланы тәрбиелеп отырмын. Мен балаларды жақсы көремін, себебі бөтен бала болмайды. Бізде потранатты тәрбиелеу үлгісі, мемлекет бізге қолдау көрсетеді», - деді ол.

Оның айтуныша, Аналар кеңесі мен ҚХА арқасында аталмыш отбасы және балалар жақсы жерде өмір сүруі үшін екі қабатты үлкен үй салынды. Г. Төлегенова атап өткендей, бұл отбасына көрсетілген үлкен көмек.

«Біз тағы балаларды асырап алуды жоспарлап отымыз. Ағымдағы жылы біз «Мерейлы отбасы» байқауында бақ сынау мүмкіндігі туды. Біз Қостанай облысының атынан шықтық. Біз өз тағдырымызды балалармен байланыстырамыз», - деп толықтырды ол.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика