Ұлттың денсаулығы

Ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері халықты спортпен шұғылдануға ынталандырады – ҚР МСМ

Осы жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Ел бойынша салынған кешендердің 18-і ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлады Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбекова ОКҚ-дағы брифингте.
Астана қаласы30 Қазан , 11:34

«Ұлт жоспарына сәйкес, біздің министрлік 2025 жылға дейінгі  дене шынықтыру және спортты дамыту  тұжырымдамасын әзірледі. Статистиканың хабарлауынша, спортпен халықтың 25 пайызы айналысады. Елбасы Н.Назарбаев 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын спортқа тарту талабын қойды. Барлық шаралар осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған», - деді С.Мұсайбекова.

Вице-министр атап өткендей, министрлік халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру үшін  ауқымды жұмыс атқаруда.

«Осы жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталуға жақын. Олар ауылдық жерлерде орналасқан, жастар мен балаларды спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика