Басқару

Астанада сандардан тұратын жаңа индекстер қолданылады

«Қазпочта» АҚ мен Астана қаласының әкімдігі сандардан тұратын жаңа индекстерді қолдану меморандумына қол қойды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Қазан , 11:23

Меморандум жаңа пошталық индекстердің қолдану қарқынын кеңейтіп, қаланың мекенжайлық тақталары мен карталарында белгіленуін қамтамасыз етеді.

«Қазіргі таңда жаңа индекстер жүйесі Астана мен Петропавл қалаларында пилотты түрде қосылған. Жобаның басталғанынан жаңа индекспен 17 мың конверт жіберілген. Индекс әр ғимаратқа тағайындалып, көшенің атымен байланыспағандықтан, пошташылар мен жедел көмек қызметкерлеріне ыңғайлы болады» - деп Бағдат Мусин, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы түсіндірді.

Жаңа жеті таңбалы пошталық индекс әріптер мен сандардан тұрады. Алғашқы таңба облысты, келесі екеуі қала мен ауданды, ал қалған төртеуі  ғимаратты көрсетеді. Әркім өзінің жаңа индексін веб-сайттан  мекенжайын енгізіп таба алады.




Яндекс.Метрика