Парламент

Қазақстандық депутаттар Әзірбайжанда сайлау өткізуге бақылаушы ретінде қатысуда

Мәжіліс депутаттары Серікжан Қанаев пен Самиғолла Оразов парламенттік сайлау өткізуге әзірлік жасап жатқан Әзірбайжан Республикасында бақылаушы ретінде жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қазан , 11:07

С. Қанаев Түрктілді елдер (ТүркПА) Парламенттері Ассамблеясының, ал С. Оразов - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД ПАА) мүше-мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының атынан бақылаушылар миссиясына қатысуда.

Миссия шеңберінде саяси партиялардың көшбасшыларымен, Орталық сайлау комиссиясының және Әзірбайжанның Милли Меджилисінің басшылығымен кездесіп, сонымен қатар сайлау учаскелеріне баратын болады.

Әзірбайжанның Милли Меджилисіне кезекті депутаттар сайлауы осы жылдың 1 қарашасында өтеді.
 




Яндекс.Метрика