Ұлттың денсаулығы

СҚО-да қысқы спорт түрлерінің 426 секциясында 7 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады

Солтүстік Қзаақстан облысында қысқы спорт түрлерінің 426 секциясында 7 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан30 Қазан , 12:36

Қазiргi таңда қысқы спорт  түрлерiнiң 426 секциясы жұмыс iстейтiнiн атап өттi. Бұл секцияларда 7 мыңнан адам спортпен шұғылданады. Облысымызда шаңғы жарысы, конькимен жүгiру, биатлон, шайбалы хоккей, шорт-трек, спорттық бағдарлау, қысқы Президенттiк көп сатылы жарысы және керлинг сияқты тоғыз қысқы спорт түрi дамуда.

«Облыстың алдыңғы қатардағы спортшыларына ай сайын шәкiртақылар мен облыс әкiмiнiң гранттары бөлiнедi. Қазiргi таңда 2017 жылы Алматы қаласында өтетiн 28-шi Әлемдiк қысқы Универсиадасына қатысуға солтүстiкқазақстандық 10 спортшы үмiткер болып отыр»,-деп хабарлады Виктор Васильевич.

Атап өтетiн жайт, Солтүстiк Қазақстан облысында 2742 спорттық құрылыстар қызмет етедi, олардың 2234 ауылдарда. 2015 жылдың 1 қыркүйегiнде Мамлют ауданында БЖСМ конькимен жүгiру бөлiмшесi мен Аққайың ауданында допты хоккей бөлiмшесi ашылды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн 100 хоккей кортын орнату жоспарланған, олардың 27-сi iске қосылды.

Жалпы қысқы маусымға 327 хоккей корты, 22 шаңғы базасы және коньки мен шаңғыны жалға беру 126 пунктi дайын.

Ерiк Сұлтанов аудан басшыларына қысқы спорт түрлерiн дамыту бойынша жеке кеңестер өткiзiп, қысқы жарыстарды өткiзудiң дайындық деңгейiн егжей-тегжейлi талқылауды тапсырды.

 




Яндекс.Метрика