Инвестициялар

СҚО-да БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2,2 млрд теңге бөлінді – әкімдік

Солтүстік Қазақстан облысында БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан30 Қазан , 10:52

Ағымдағы жылы «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге қаражат бөлiндi. 20 қазанға дейiн Өңiрлiк үйлестiру кеңестерiнде 155 өтiнiш мақұлданды.

 Бұл бағдарламаны тиiмдi қолдану аясында кәсiпкерлер 2 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап қалады және жаңа 685 жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк алады

Облыстық кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы «Агробинес 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы да айтып бердi. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы саласына 17,2 млрд теңге көмекқаржы бөлiндi. 1551 кәсiпкерге қолдау көрсетiлдi.

«Кәсiпкерлермен белсендi жұмыс жасау қажет. Бұл бiздiң үлкен қорымыз. Елбасымыз дамыған елдерде ЖIӨ 60-90 пайызы кәсiпкерлiктiң арқасында қалыптасатынын әлденеше рет атап өткен болатын. Бiздiң облысымызда әзiрге бұл көрсеткiш 27 пайыз. Аудан әкiмдерiне шағын және орта бизнес субьектiлерiмен жұмысты күшейту қажет. Әсiресе стартаптарға көңiл бөлу қажет»,-деп тапсырды Ерiк Сұлтанов.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика