Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: СҚО-да 28,6 млрд теңгенің 41 жобасы жүзеге асырылуда

2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-иннновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасына 28,6 млрд теңгенi құрайтын 41 жоба енгiзiлдi, осының нәтижесiнде 2006 жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан30 Қазан , 10:04

Үстiмiздегi жылы 16 жоспарланған жобаның 12-сi жүзеге асырылып, 370 жұмыс орны ашылды. Жобалардың жалпы құны 4,7 млрд теңге. Жыл соңына дейiн 2,7 млрд теңгенi құрайтын тағы 4 жоба жүзеге асырылады.

Олар — Аққайың ауданындағы «Икеа ТАСС ГРУПП» ЖШС элеватор-диiрмен кешенi, Тайынша ауданындағы «Арбат АС» ЖШС сүт өнiмiн өндiрушi ұйымы», «Радуга» ЖШС жүгерi қауызы мен құрғақ таңғы асты өндiрушi ұйымы, Петропавл қаласындағы «Единство» ЖШС қаңқа-панельдi үй тұрғызуға арналған құрамалы темiр бетон элементтерi өндiрушi ұйымы.




Яндекс.Метрика