Инвестициялар

Вьетнамдық кәсіпкерлерді Астананың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды

Астанада В2В форматында отандық кәсіпкерлер мен Вьетнамның бизнес делегациясы өкілдерінің кездесуі өтті, шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның сыртқысауда палатасы.
Астана қаласы30 Қазан , 10:37

Іскерлік кездесулерге 35 қазақстандық  және вьетнамдық тарап қатысты, олар мұнай және газ, химия, телекоммуникация, құрылыс, көліктік-логистикалық сала, машина жасау, туризм саласының өкілдері.

«Кәсіпкерлерді  Вьетнам Социалистік  Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Жұмаханов Бекетжан мен Қазақстандағы Вьетнам Социалистік  Республикасының елшісі Г-жа Хиен Доан Тхи Суан қасы алды», - деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Іскерлік кездесулерді өткізу аясында Вьетнамның бизнес делегациясын Қазақстанның  инвестициялық мүмкіндіктері  мен экономикалық әлеуетімен таныстырды. Сондай-ақ, «Астана-жаңа қала» еркін экономикалық аймағында бизнесті дамытудың жағдайлары алға тартылды.

Сондай-ақ, вьетнамдық тарап Қазақстанның көліктік-логистикалық мүмкіндігі мен инфрақұрылымды дамыту салаларына қызығушылық танытты,  оны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы  - «KTZ Express» АҚ және «Көліктік логистиканы дамыту орталығы» АҚ таныстырды.

Екі елдің кәсіпкерлері іскерлік қарым-қатынас құрып, тікелей байланыс орнатып, бизнесті дамыту бойынша пікір алмасуға ие болды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика