Адами капитал

Айдын Айымбетов оқушылар мен студенттерге сапарға дейін және сапар барысында қалай өмір сүргені туралы айтып берді (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында республикалық мекемелердің оқушылары мен студенттері әлемнің 545-ғарышкері, «Халық Қаһарманы» атағының иегері Айдын Айымбетовпен кездесті.
Астана қаласы 29 Қазан, 21:47

А. Айымбетов Ақтөбе және Қызылорда облыстарының мектеп оқушыларымен және семинар тренингке қатысушылармен, сонымен қатар елорда мектептерінің оқушылары және колледж студенттерімен кездесті.

Ғарышкер балаларға өзінің арманы және соған жету жолы туралы айтып берді және олардың сұрақтарына біреуін қалдырмай жауап берді. Өз кезегінде балалар А.Айымбетовқа арналған өздері жазған өлеңдерін оқып, домбырамен күбірлетіп күй орындады.

«Мен әскери училищені тәмәмдағаннан кейін Қазақстанға қайта оралдым. Ол кезде сол аумалы төкпелі заман орын алды, айлықты жарты жылдап бермейтін болды. Кейбіреулер Қазақстан жақсы өмір іздеп кетіп жатты, кейбіреулер бизнеске кетті. Өмірде әр қашан қиын болады, тек сол қиындықтарға шыдап төзімділік таныту керек. Менің айтқым келетіні алдарыңызға мақсат қоюға қорықпаңыздар, керісінше алдарыңызға мақсат қойып соған ұмтылатын болсаңыздар оған міндетті түрде жетесіздер», - деді сөз басында А. Айымбетов.

Сонымен қатар ол, ғарышкерлер қатарына қосылу үшін ең алдымен денсаулық мықты болу шарт. Екіншісі - жоғары білім. Сонан соң еңбекқорлық қажет екенін атап өтті.

Оның пайымынша, ғарышкерлердің бойында әлемді тануға деген құштарлық, жігер және қарапайымдылық болуы керек.

"Мен Қазақстан Президентінің қолынан жоғары награда алған кезде мен өзіме Отан үшін, елдің өркендеуі үшін барлық өмірімді сарп етемін деп уәде еттім. Мен жоғары наградаға ие болдым, бірақ мен сол баяғы Айдын болып қалдым, өзгермейтін де шығармын, мен жай ғана өз қызметімді атқарып, еліміздің ғарыш саласын көркейту жолында еңбек ете беретін боламын", - дейді ол.

Сонымен қатар ол оқушылар алдында қазақстандық ғарышкерлер қалай дайындалатындарын айтты.  

"Біз ғарышкерлер отрядында дайындалдық. 2012 жылдың 12 қазанында маған Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді. Біздің ғарышкерлеріміздің саны тұтас бір отряд болғанын қалар едім", - деп еске алады ол.

А. Айымбетов егер мүмкіндік болса, экспедиция құрамында тағы бірнеше мәрте ғарышқа аттанғысы келетіндігін де жасырмады.

"Қазақстанның ғарышқа адамды ұшыру тәжірибесі өзінің дамуын әрі қарай жалғастыра бермек. Келесі жолы менің ұшуым ықтимал, мүмкін өзге біреу таңдалар. Болашақта жаңадан отряд құрылуы да ғажап емес", - дейді ғарышкер.

"Балаңыздың ғарышкер мамандығын таңдағанына қалай қарайсыз?" деген сауалға А. Айымбетов: Ол ұшқыш болғанды өзі қалады. Кейін ғарышкерлер отрядына да түсе жатар. Олардың кез келген таңдауларын мен қабылдауға даярмын, қолымнан келгенінше қолдаймын және мен оны өздеріне айттым", - деп атап өтті.

Айта кетерлік жайт, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышта тіршілік ете алатын ағзаларды кезіктіргенін жеткізді.

"Ғарыш кеңістігінде адамзаттан өзге тіршілік бары дәлелденген. Біз эксперимент жасау үшін ғарыштан анализдер алдық. Онда тірі бактериялар табылды. Бұл ғарышты шындап зерттеу керек екендігінің тағы бір дәлелі. Ол біз елестеткендей қараңғылық емес. Онда тірі ағзалар бар. Мұндай кереметті сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын істеуіміз керек", - деді А.Айымбетов оқушылармен болған кездесуде.

Айта өтейік, қазақстандық ғарышкер балалардың «Кітап жазғыңыз келмей ме?», «Ғарыштан қарағанда ең әсем жер қандай?» деген сияқты өзгеде көптеген сұрақтарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Еске сала кетейік, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш стансасына 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ұшты. Ол «Союз ТМА-18М» зымыранының борт-инженері қызметін атқарды. Сонымен қатар ғарышта Қазақстанның бесінші ғылыми зерттеулерін жүргізген болатын. Қазақстандықтың ғарышта өткізген уақыты - 9 тәулік, 20 сағат, 13 минут 51 секунд.

Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

Индира Кауметова

Фото Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика