Адами капитал

Аналар кеңесі қайырымдылық шаралары арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуде (ВИДЕО)

Аналар кеңесі қайырымдылық шаралары арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуде. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Славянь мәдени орталығының төрайымы Татьяна Кузина «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында хабарлады.
Астана қаласы 30 Қазан, 10:21

«Аналардың бірігіп жатқаны қуантарлық жағдай, себебі олар өз бетінше әлеуметтік мәслелерді шеше алмайды. Бір орталықтан басқару болғандықтан  біз  міндетті өзара хабарласа отырып шеше аламыз», - деді Т. Кузина.

Оның айтуынша, бүгінде Мүгедектердің аналар кеңесі құрылып қойды.

«Бізде концерттік залда жиналып қайырымдылық акциясын өткізуге бірегей мүмкіндік бар және біз оларды өткізіп келеміз. Өткен жылы біз осындай қайырымдылық акциялары аясында 288 мың теңге жинадық және 5 анаға көмектесе алдық», - деп сендірді Т. Кузина.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика