Инвестициялар

Индустриялды жобаларды жүзеге асыру үшін Астана әкімдігі мен «Бәйтерек» ҰБХ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Индустриялды жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау мен құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін Астана әкімдігі мен «Бәйтерек» ҰБХ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Астана қаласы29 Қазан , 17:18

Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлина Алтынберген әкімдік пен «Бәйтерек» арасындағы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты -  тұрғын үй құрылысы, соның ішінде 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы бағытындағы шараларды тиімді жүзеге асыру,  индустриалдық-инновациялық және инфрақұрылымды жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау. 

Оған қоса,  Астана қаласы әкімдігі мен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Рината Сисембаева  тиісті меморандумға қол қойды.Меморандум елорданың инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған  орта және ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыруға бірлесіп қатысу болып табылады.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен ирандық компанияның президенті Али Акбар әкімдік пен ирандық «Pars Iran Group» компаниясы арасындағы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум мектеп, жоғарғы оқу орындары, ауруханалар секілді әлеуметтік мекемелер үшін дайын тағам түрлерін шығаратын өндіріс құруға бағытталған. 

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика