Инвестициялар

Астанада әлеуметтік мақсаттағы 20 жоба инвестицияны қажет етеді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанадағы «Astana Invest 2015» форумы барысында 60 жоба таныстырылды, оның 40 жобасы бойынша инвестиция керек және оның ішінде 20 әлеуметтік мақсаттағы жобалар, деп хабарлады Инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Арай Тұрсынов «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы29 Қазан , 17:03

Белгілі болғандай, VI халықаралық инвестициялық форум Астананың әкімшілігі мен Қазақстанның бизнес жобаларының қатысушылары және әлемдік нарық ойыншыларының  расында конструктивті диалог орнату үшін жүзеге асырылып отыр. Шараның басты міндеттерінің тізімінде – шетелдік инвесторларды тарту, өндірістік активтерді дамыту, жаңа жобалардың ашылуы. Форум аясында индустриялды парктер мен өндіріс аймақтарын насихаттайтын «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік»  көрмелері өтіп, елорда кәсіпкерлерінің инвестициялық жобалары туралы ортақ стенд орнатылды.

А.Тұрсынов атап өткендей, жобаларға деген қызығушылық өте зор. Басты қызғушылық  - Инвесторларға қолдау көрсету орталығы қандай көмек көрсете алады және оның портфолиосында қандай жобалар бар. 

«Инвестициялық жобаларға келетін болсақ, мұнда 60 жоба таныстырылды, оның 40 жобасы бойынша инвестиция керек және оның ішінде 20 әлеуметтік мақсаттағы жобалар. Көрмеде «Қазақстанда жасалынған»,  «Smart Астана» секциялары ұсынылды, онда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар таныстырылған. Ұсынылған 40 жобаның әлеуметтік мақсаттағы 20 жобасы – мектептер, ауруханалар мен балабақшалар. Осы жобаларға қатысты нақты инветорлар санаты бар, олармен келіссөздер жүргізілуде. Көрменің басты идеясы қайда инвестициялауға қажет екені жөнінде  кеңес беру», - деді А.Тұрсынов. 

Оның айтуныша,  «Astana Invest» бұған дейінгі форумдарында әлеуметтік жобалар соншалықты кең көлемде таныстырылмады.

«Бұған дейін әлеуметтік жобалар мемлекеттік бюджет есебінен инвестицияланды. Қазір біз өзіміздің мемлекеттік мекемелерімізге шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу мәдениетін енгізгіміз келеді», - деп толықтырды ол. 

Сонымен, инвестицияны қажет ететін әлеуметтік жобалардың бірі ретінде -  нашар көретін және мүлдем көрмейтіндер үшін жерүсті түйісу тақтайшалары мен  ғимарат ішінде бағдар білетін еден бетіндегі жолақтар өндірісі болды.

«Біздің бүгінді мақсаттарымыздың  бірі – аталмыш жобаны жүзеге асыру бойынша құрал жабдықтарды сатып алуға инвестор тарту. Бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 30 млн теңге керек», - деді «Қазақстан ҚұрылысӨнім»ЖШС атқарушы директоры Қанат Ділдабеков сұхбатында. 

Жасақтаушылар жобаны әлемдік тәжірибе ретінде атап өте отырып  ЭКСПО-2017-ге іске қосуға ұмтылуда.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика