Инвестициялар

Қызылорда облысында БЖК-2020 аясында 16 ШОБ жобасы мақұлданды

Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерінің жаңа жобалары қолдау тапты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда29 Қазан , 19:32

Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің кезекті кездесуінде шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің жалпы құны 264000338 теңге болатын 16 жобасы кәсіпкерлігін дамытуға алатын екінші деңгейлі банктерде рәсімдеген несие пайызын төмендетуге шешім шықты.

Ескере кетсек, 16 жобаның ішіндегі 7-уі ауылдық жердегі кәсіпкерлерге тиісті болғандықтан, Бірегей бағдарлама аясында банктен 14%-бен алынған несиенің мемлекет 10%-ын өтейтін болады, ал кәсіпкердің қайтаратын үстеме пайызы бар болғаны 4%-ға тең.

Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлері салалық шектеусіз өздерінің бизнес-жобаларын жүзеге асыруына кепілдендіру құралын да пайдалана алады, соның бір мысалы Қармақшылық «Нұрай» ЖК директоры Зәуреш Балтоқаева «ҚазақстанХалықБанкі» АҚ–нан несие алу үшін жоба құнының 30% тең бастапқы соманы жинап, Жосалы кентінде аралас заттар дүкенін ашуға мүмкіндік алды.

Мемлекеттік қолдау аясында Даму Қоры «Нурай» ЖК банктен несие рәсімдеуіне 70% кепілдендіру ұсынды. Кәсіпкердің сөзінше, дүкенде көп жыл жұмыс жасағандықтан, мол тәжірибесімен дүкен ашу қиындыққа соқпайды.

Қазалы ауданының кәсіпкері Құрманбай Шунканов несие қаражатына өзінің жеке мейрамханасын ашуды жоспарлап отыр. Кәсіпкер 1996 жылдан бері бизнеспен айналысып келеді және жұбайымен бірге жиһаз бен тұрмыстық техниканы сату саласында жұмыс жасауда.

Ендігі жоспары бизнестің жаңа бағытын жүзеге асыру мақсатында Қазалы қаласында жаңа мейрамхананың құрылысын бастап кетті. Бүгінгі таңда Қазалы қаласында бір ғана мейрамхана қызмет көрсетуде, алайда халықтың тарапынан түрлі іс-шаралар өткізуге сұраныс артып келеді. Жобаның сәтті жүзеге асуы нәтижесінде кәсіпкер Құрманбай Шунканов 15 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтитын болады.

 




Яндекс.Метрика