Адамзаттық капитал

Қазақстан Қарулы Күштерінің 100%-ға тарта офицері аттестаттаудан өтті

Қазақстанның Қарулы Күштерінде офицерлер құрамын аттестаттау аяқталып келеді. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына қарай оны толықтай аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қазан , 08:37

Бүгінгі таңда 100%-ға жуық офицер қайта емтихан тапсырудан өтті. Олар тексерістен жақсы өтіп, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келуін растады. Аттестаттаудан сәтті өткен бірқатар офицерді жоғары әскери лауазымдарға ұсыну үшін резервке енгізілді, сондай-ақ 2015-2017 жылдары әскери жоғары оқу орындарына оқуға жолдама алды.

Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі аттестаттау міндетті түрде үш жылда бір рет өткізіледі. Оны барлық офицерлер өтеді. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары, аттестаттау өткізілу кезінде оқуды тәмамдаған түлектер, әскери қызметте шекті жасқа жеткендер және жарамсыз немесе шектеулі жарамды болып танылған адамдар, сондай-ақ аттестаттау кезінде алғашқы «лейтенант» әскери атағы, жүктілік, бала күтімі бойынша демалыстағы әйел офицерлер немесе аталған демалыстан кейін қызметке кіріскен кезінде қылмыстық іс қозғалған офицерлер тексеріске тартылмайды.

Қайта емтихан тапсырудың негізгі міндеттері әрбір офицердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін, оның атқарып отырған лауазымға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ жетілдіру мен нығайтуды қажет ететін офицерлер корпусының «осал» тұстарын айқындаудан тұрады. Сонымен бірге, аттестаттау жаңа анағұрлым күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір әскери қызметшілердің әрі қарайғы мансаптық өсуіне жаңа перспективалар ашады. 
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика