Инвестициялар

Қазақстандық тауар өндірушілер Мәскеудегі «Химия-2015» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды

Мәскеуде «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде «Химия-2015» халықаралық химия өндірісі мен ғылымының 18-ші көрмесі өтті. Ағымдағы жылы бұл конгрестік-көрмелік шара өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ.
Әлемде29 Қазан , 18:59

Айта кетерлік жайт, «Химия-2015» көрмесі Ресейдегі химия тақырыбы бойынша беделді шаралардың бірі. Сарапшылардың бағалауынша, көрме саланың дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді және өзара байланыстарды дамытуда.

Мерейтойлық көрмеге әлемнің 24 мемлекетінен келген 400-ден астам компания қатысуда. Көрме алаңы 20 мың шаршы метрден асты.

 «KAZNEX INVEST»АҚ қолдауымен қазақстандық тарапты «ҚазФосфат» ЖШС,  «ҚазАзот» ЖШС,  «НОВОПЭК» ЖШС таныстырды.

«Бүгінгі таңда бұл біздің аталмыш көрмеге үшінші рет  қатысуымыз. Оған қатысу біз үшін аса маңызды, себебің мұнда химия саласындағы ресейлік ірі компаниялар және алыс, таяу шетелдің компаниялары таныстырылған», - деді «НОВОПЭК» ЖШС коммерциялық директоры Айдар Жақыпов.

А. Жақыпов түсіндіріп кеткендей, мұндай көрмелерге ірі компаниялардың бірінші басшылары қатысады және бұл өз кезегінде келіссөз жүргізуді, ортақ келісімге келуді айтарлықтай жеңілдетеді. Ол атап өткендей, аталмыш көрме барысында отандық өндірушілерге де қызығышылық білдірілді.  

«Біздің компания экспортқа бейімделген. Атап айтқанда, тек Ресейдің өзіне жылына шамамен 4 млн қап жөнелтіледі. Ағымдағы жылы осы көрме аясында біз ресейлік «Фосагро» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге отырдық» деді А.Жақыпов. 




Яндекс.Метрика