Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада 80-ге жуық жылы аялдама орнату жоспарлануда

Астанада 80-ге жуық жылы аялдама орнату жоспарлануда, деп хабарлады Астана қаласының әкімі «Astana Invest 2015» форумы барысында.
Астана қаласы29 Қазан , 15:42

«Біздің қыс қатты, әрі суық. Көптеген тұрғындар бізге жылы аялдамаларды орнату керектігі туралы мәселе көтерген болатын. Осындай аялдамалардың 80-ге жуығын орнататын боламыз. Бұл тек біздің ғана бастамамыз емес. Бұл көптеген қалаларда қолданылуда және біз тек тәжірибені меңгерудеміз», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Ә.Жақсыбеков атап өкендей, әр аялдаманың өзіндік құны әлі де анықталған жоқ.  

«Баға мәселесі барлық стандарттарға сәйкес есептелуде. Бұл баға жан-жақты есептелген болады. Бұған дейін жарияланған баға ол кездейсоқ айтылған болатын. Жылы аялдамалар – олар инфрақұрылымдар, желі, ашық Wi-Fi, жылу және т.б. Сондықтанда мәселе бағада емес, тиімді пайдалануда», - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков журналистердің сұрағына жауап беру барысында. 
Айта кетерлік жайт, бұған дейін бір жылы аялдамаға Астана бюджетінен 10 млн теңге жұмсалады деп хабарлаған. Алғашқы аялдама «Азия Парк» СОСО ауданында пайда болды. 

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика