Халықаралық интеграция

Павлодарда Қазақстан мен Ресейдің шекаралас прокуратураларының басшылары екіжақты ынтымақтастық талқылады

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас прокуратуралары басшыларының ғылыми-практикалық семинары жұмысын бастады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Павлодар29 Қазан , 17:52

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Бас Әскери прокуратурасы, Бас көлік прокуратурасының басшылары және республикамыздың барлық шекаралас облыстарының прокурорлары, сондай-ақ Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері, Алтай Республикасы, Қалмақ Республикасы, Алтай өлкесі, Астрахань, Волгоград, Курган, Новосібір, Омбы, Орынбор, Самара, Саратов, Тюмень және Челябинск облыстарының, Батыс-Сібір, Орал және Оңтүстік көлік, сондай-ақ «Байқоңыр» кешені прокуратураларының бірінші басшылары қатысуда.

Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауарларды, қызметті, капиталды, жұмыс күшін еркін тасымалдау және экономиканың басты салаларында келісілген саясатты жүзеге асыру барысында екі мемлекеттің прокурорлары алдына жаңа міндеттер қойып отырғанын атап өтті.

Ол Қазақстан және Ресей бас прокуратураларының ынтымақтастығы көп тарапты, сондай-ақ екі тарапты пішімде табысты жүзеге асырылып отрығанын атап көрсетті. Құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігі интеграциялық үдерістер аясында прокурорлардың үйлестірілген рөлін күшейту және бюрократиялық тосқауылдарды жою арқылы едәуір артуы мүмкін.

Екі күндік семинар барысында трансшекаралық ұйымдасқан қылмыстылыққа, заңсыз көші-қонға, есірткі қылмысына, діни экстремизм мен терроризмге, киберқылмыстылыққа, қылмыстық жолмен табылған табыстарды заңдастыруға және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы қылмыстарға қарсы күресте күшті нығайту және бірлескен шешімдерді іздестіру мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуде көршілес елдердің аумақтық прокуратуралары арасында тікелей байланыстарды орнату қажеттілігіне баса назар аударылады.

 




Яндекс.Метрика