Адами капитал

Аналар кеңесі балаларды тәрбиелеу және отбасылық құндылықтарға қолдау көрсету ісінде басты түйін (ВИДЕО)

Аналар кеңесі балаларды тәрбиелеу және отбасылық құндылықтарға қолдау көрсету ісінде басты түйін, деп ағынан жарылды Жамбыл облысы Дүнген этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 29 Қазан, 20:21

«Біздің басты міндетіміз - Елбасымыздың саясатын жүзеге асыру. Бүгінде бірнеше жобаларды дайындадық - «Қамқорлық және мейірімділік», «Отбасы құндылықтарын сақтап қалу» және т.б. Біздің Аналар кеңесі  отбасылық құндылықтарды сақтап қалу бойынша үлкен жұмыстар атқаруда, аймақтарды, мектептерді, колледждерді аралап, өскелең ұрпақтың бойынша патриоттық, бейбітшілік пен келісім, толеранттылықты сіңдірудеміз», - деді ол.

Аналар кеңесінің төрайымы атап өткендей, Аналар кеңесі балаларды тәрбиелеу және отбасылық құндылықтарға қолдау көрсету ісінде басты түйін.

«Біз Астанада осымен екінші рет жиналудамыз. Бірінші форумға қатыстық және ол кезде форумның жұмысы қалай өтетінін нақты айта алмадық. Ал, бүгін жоғары дайындықпен келдік. Біз өзіміздің шараларымызға көп балалы аналарды, зейнеткерлерді, үй шаруасымен отырған келіншектерді қатыстырудамыз. Шараларымызға көптеп адам жиналады. Бастысы Ассамблея – ол біздің жұмысымызды бағыттайды», - деп түйді С. Даузова.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика