Адами капитал

М.Миражапова: Балалар – біздің болашағымыз, қариялар – сарқылмас қазынамыз (ВИДЕО)

Балалар – біздің болашағымыз, қариялар – сарқылмас қазынамыз, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Жамбыл облысы ҚхА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Мухаббат Миражапова.
Астана қаласы 29 Қазан, 17:36

«Аналар кеңесі жақында құрылды, осы уақыт аралығында бірқатар жақсы істер атқарылды. Барлық мәдени ұйымдар және олардың жанынан ашылған әйелдер кеңесі отбасылық құндылықтарды дамыту және сақтау бойынша істерді жүзеге асыруда. Біздің негізгі мақсатымыз  - отбасылық-тұрмыстық құндылықтарды сақтау», - деді ол.

М.Миражапова айтып өткендей, жыл сайын ажырасудың  саны өсіп келеді, мүгедектер мен балалар үйінде, қарттар үйінде адам көбейіп кетті, бұл аналарды бей-жай қалдырмайды.

«Балалар – біздің болашағымыз, қариялар – сыйлауға тұрарлық өткеніміз. «Қамқор-Ана» сынды ірі жобалар арқылы аналарға көмек көрсету, «Мектепке жол» арқылы барлық аналарға қолғабыс көрсетудеміз», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика