Халықаралық интеграция

Қазақстан Микронезиямен дипломатиялық қатынастарды орнатты

Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Микронезия Федеративтік Штаттарының тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Джейн Чингиял екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлад СІМ.
Әлемде29 Қазан , 19:48

Қол қою рәсімі барысында екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды, сондай-ақ БҰҰ күн тәртібіндегі Қазақстан мен Микронезия үшін маңызды мәселелері талқыланды. Солардың ішінде – Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, теңізге шығуға жол жоқ елдердің, кіші арал елдерінің мәселелерін шешу және т.б.Тараптар өзара тиімді байланыстарды мәдениет, білім және туризм салалары төңірегіндедамыту маңыздылығын мойындады.

Қазақстан тарапы алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне Микронезияның өкілі қатысатынына үміт білдірді. Келе жатқан көрменің энергетика, энерго көздердің тапшылығы проблемасын, әсіресе дамушы елдер үшін шешу мәселелері аясындағы маңыздылығын атап өтті. Микронезияның басқа Орта Азия мемлекеттерімен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту бойынша Қазақстан жағынан қолғабыс алуға мүдделі екендігін танытты.

Микронезия – тынық мұхиттық мемлекет, халқы 130 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл егеменді және демократиялық республика. Аграрлық өндіріс пен балық өнімдері, сондай-ақ фосфатты өндіру экономиканың басты секторларын құрайды. Мемлекет импортына тәуелді болып келеді, импорт экспорттан көп есе артық.

АҚШ және Жапония елдерімен тығыз қарым-қатынастарды қолдауда. Осы елдер Микоронезияның дамып келген экономикасына елеулі қаржы жәрдемін көрсетуде.

1991 жылдан бастап БҰҰ-ның мүшесі. Африка, Кариб теңізі мен Тынық мұхиттың 79 мемлекетінің халықаралық ұйымы АКТ елдері қатарына кіреді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика