Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына қолдау көрсету бойынша акция өтті

Астанада «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына қолдау көрсету бойынша өзіндік акция өткізді, деп агенттіктен хабарлады.
Астана қаласы 29 Қазан, 15:19

Шараға ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі комитеттерінің, даму иснтитуттарының жұмысшылары қатысты. 

Олардың әр қайсысы бұл күні отандық өндірістің құны 20 мың теңгеден басталатын ерлерге және әйелдерге арналған кастюмын сатып алды. Сонымен қатар бұл жерде жеке тапсырыс беруге де жағдай жасалды. 

Отандық «Алтын Адам» тігін фабрикасының басшысы Балжан Халмуратованың қоғам қызметкерлерімен, ҚР ИДМ даму институттарының және БАҚ өкілдерімен  кездесуі диалог форматында өтті. 

«Осындай акция өткізіп отырған «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ жұмысшыларына алғысымды білдіремін. Қазақстандық тауар мен отандастарымыздың еңбегіне деген сұраныстың болғаны қуанышты жағдай.  Жыл сайын біз 400-ге жуық ерлер костюмын дайындаймыз, дайын өнімді Шымкент пен Алматы нарықтарына жеткіземіз.  Мемлекеттік бағдарлама аясында Түркия, Жапония мен Қытпй елдерінен аталмыш саладағы заманауи технологияларды сатып алдық, ол бізге өндірістің жаңа қуаттылығына шығуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б. Халмуратова.

 «Алтын Адам» фабрикасы Қазақстанда толық өндірістік циклі бар жалғыз тігін фабрика болып табылады. Бүгінде кәсіпорынның өнімі сыртқа экспорталмайды. Басты мақсат ішкі сұранысты қамтамасыз ету. 

Естеріңізге сала кетейік, «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ  «Қазақстанда жасалынған» акциясының үйлестірушісі болып табылады. Бүгінде тұрақты түрде қолдау шаралары өткізіліп келеді 





Яндекс.Метрика