Инвестициялар

«Astana Invest 2015» қорытындысы бойынша 1,5 млрд теңгенің 30 меморандумына қол қойылды

«Astana Invest 2015» халықаралық инвестициялық форумның қорытындысы бойынша 1,5 млрд теңгенің 30 меморандумына қол қойылды. Бұл жайында форум барысында мәлім болды.
Астана қаласы29 Қазан , 14:38

Форумның қорытындысы  бойынша жобаларға инвестиция тарту бойынша 30 меморандумға қол қойылды. Сомасы бойынша ең ірі келісімді Астана әкімшілігі мен China Railway Asia-Europ Constraction Invesment Co.,Ltd өкілдері арасындағы ынтымақтастықты айтуға болады, ол 100 млн долларды құрады.

Сондай-ақ, Қазақстанның бас қаласының аймағындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 400 млн доллар тартылады. Меморандумдар Merey Real Estate Management компаниясымен жүзеге асырылды. Оған қоса, Астана әкімдігі мен «Global Gas Group»  ЖШС Астана қаласын газдандыру және өзара ынтымақтастық туралы келісім жүзеге асты.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика