Өңірлер

Шымкент қалалық мұрағатының жаңа ғимараты ашылды

Шымкентте қалалық мұрағаты ғимаратының ашылу салтанатты өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков пен облыстық мәслихаттың хатшысы Ержан Құдайберген қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан29 Қазан , 18:42

Нұрсәт шағын ауданынан орын тепкен жаңа ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 525 миллион теңге қаражат бөлінген. Заманауи үлгіде тұрғызылған ғимараттың жалпы қорында 100 мыңға жуық жеке құжат сақталған.

Жалпы сыйымдылығы 500 мың сақтау бірлігіне арналған жаңа мұрағат қоймасына тағы да 400 мың құжат сияды. Шымкент қалалық мұрағат мекемесі 1992 жылы құрылған. Мұрағаттың алғашқы құрылған жылдарында қажетті құрал жабдықтар мен құжат сақтайтын қойма, маман жетіспеушілігі сияқты қиыншылықтар болды. Қазіргі таңда облыстағы нысандарда барлық жағдай жасалған.

Олар керекті құрал жабдықтар және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Биыл Созақ, Түлкібас, Мақтарал аудандарындағы мұрағат мекемелері күрделі жөндеуден өтті. Айта кетейік, ОҚО-ның мұрағат қызметіне келесі жылы 90 жыл толады. Қазіргі таңда облыс бойынша 19 мемлекеттік мұрағат мекемесі бар. Мұндағы құжаттарды сақтау қорлары жыл сайын 30 мың бірлікке артуда.

 




Яндекс.Метрика