EXPO-2017

А.Есімов: ЭКСПО-2017 аумағында 100 млрд теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аумағында 100 млрд теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астанадағы VІ халықаралық инвестициялық форум барысында.
Астана қаласы29 Қазан , 13:52

«Бүгінде көрме аумағында  5 инвестициялық форум 100 млрд теңгеге жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ЭКСПО-ның құрылыс алаңында 8 мыңға жуық адам жұмыс істеуде», - деді А. Есімов.

Бұған дейін компания өкілдерімен хабарланғандай, алдағы көрмеге қатысатынын 49 мемлекет растады.

«Жалпы, біз барлығы 100 мемлекет қатысады деп күтіп отырмыз. Мұның барлығы Астана қаласының әлемдік нарықтағы беделін арттыруға және туристік тартымдылығын нығайтуға септігін тигізетін болады», - деді А. Есімов.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика