«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы аясында автомобильдің лимит құны 9 млн-ға дейін өседі

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы аясында автомобильдің лимит құны 9 млн-ға дейін өседі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Қазақстанның даму банкі» (ҚДБ) АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қазан , 13:32

«Біз 5,6 млн теңгеден 9 млн теңгеге дейін соманы өсіріп жатырмыз. Бұл автомобиль құнының өсуімен байланысты», - деді Б.Жәмішев.

Бағдарламаға қосымша ретінде тағы 10 млрд теңге бағытталады.

«Жеңілдетілген автонесилердің екінші траншына 10 миллиард теңге бөлінеді. Үкімет бір айдың ішінде қаулы қабылдайды деп үміттенемін. Бірақ транш қай кәсіпорынға берілетіні әзірге белгісіз. Оның бәрі Үкімет қабылдаған қаулыдан кейін анықталады. Қараша айының екінші жартысында бұл бағдарлама әрі қарай жалғасады деп ойлаймын», – дейді Болат Жәмішев.

Банк төрағасы жеңілдетілген автонесилердің бірінші траншы бойынша қанша тұлға автокөлікке ие болғанын да айтып өтті.

«Жеңілдетілген автонесилер беру бағдарламасы аясында биылғы жылдың 22 қазанындағы мәлімет бойынша ҚДБ жеке тұлғалардың 3991 өтінішін қанағаттандырды. Жалпы сомасы 12 млрд 485 млн теңгеге Қазақстанда шығарылған автокөліктерді сатып алуға коммерциялық банк-агенттерге келіп түкен өтініштер бойынша ҚР Үкіметінің бекітілген қаржыландыру талаптарына сәйкестігін растады», – дейді ол.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы  президенттік бастама «Нұрлы жол» аясында жүзеге асырылды.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика