Инвестициялар

Астана ислам қаржыландыруды дамыту бойынша көшбасшыға айналады – Келімбетов

Астана ислам қаржыландыруды дамыту бойынша көшбасшыға айналады. Бұл жөнінде елордада өтіп жатқан «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумы барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қазан , 13:19

«Астанадағы халықаралық қаржы орталығын дамытудағы маңызды бағыт исламдық қаржыландыру болмақ. Астана біздің өңірде исламдық қаржыландыруды дамытудан көш басында болады деп санаймыз. Біз банк жүйесінің 10%-ы активі исламдық қаржыландыруға тиесілі болуы керек деп жоспарлап отырмыз және осыны өз алдымызға міндет етіп қойдық», – деді ол. 

Сонымен қатар, Қ.Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болатынын мәлімдеді.Ұлттық банк төрағасы мәлім еткендей,

«Аталған қаржы орталығын дамытудың бірінші бағыты капиталдың жергілікті нарықтарын кеңейтуге қатысты болады. Капитал нарығын құру қосымша шетелдік инвестициялар тартуға және ұлттық экономиканың өсуіне ықпал етеді деп сенеміз және бұл банк жүйесінің баламасы саналады», – деді ол. 

АХҚО-ны дамытудағы үшінші бағыт жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқаруға арналады.

 




Яндекс.Метрика