Парламент

Сенат Қазақстан мен Сербия арасында инвестицияларды өзара көтермелеу туралы заңды қабылдады

Қазақстан мен Сербия өзара тауар айналымында еркін сауда режимін орнатуды көздеп отыр. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
Астана қаласы29 Қазан , 12:49

Келісімге 2010 жылдың 7 қазанында Сербия Президенті Борис Тадичтің Қазақстанға ресми сапары барысында қол қойылған.

«Бұл құжат инвестицияларды көтермелеу және қорғау үшін қолайлы құқықтық жағдай жасауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған», - дейді ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Келісім бойынша Қазақстан мен Сербия өз ұлттық заңнамасына және Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттарына сәйкес өзара тауар айналымында еркін сауда режимін орнатады. Бұл ретте тараптар кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды мемлекеттердің бірінің аумағынан шығатын және басқа да мемлекетке жеткізілетін тауарларды әкелуге қолданбайды.

Бұдан бөлек, келісім визалар және жұмыс істеуге рұқсаттар алу үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика