«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚР-да қайта өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 61 жобаны қаржыландыру басталды

Бірінші және екінші транш бойынша бөлінген қаражат есебінен өңдеу өнеркәсібін ұзақмерзімді қаржыландыру аясында жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 61 жобаны қаржыландыру басталды, деп хабарлады «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында .
Астана қаласы29 Қазан , 12:55

«Ұлттық қордан 260 млрд теңге бөлінді, 100 млрд теңге – бұл коммерциялық банктер арқылы  қайта өңдеу саласына болатын. Сонымен қатар 50 млрд  және 85 млрд теңгеден 2 транш болды – жұмыс істеп жатқан өндіріс ошақтарына қолдау көрсету және экспорт көлемін арттыруға бағытталды. 75 млрд теңге – индустрияландыру жобаларына – ИИДМБ жобаларына. Банк бұл 75 млрд теңгеге өзінің 225 млрд теңгесін қосуы тиіс болатын. Біз 75 млрд теңгеге барлық жобаларды мақұлдадық. Қаржыны игеру жоба аясында бекітілген кестеге сай жүзеге асырылуда», - деді  Б. Жәмішев

«Қазақстанның даму банкі» АҚ басшысының айтуынша, бірінші және екінші транш бойынша бөлінген қаражат есебінен өңдеу өнеркәсібін ұзақмерзімді қаржыландыру аясында 71 жобаны 73 млрд теңгеге қаржыландыру мақұлданса,  жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 61 жобаны қаржыландыруды басталды.

«Олар химия өндірісі, металлургия, тамақ өндірісі салаларындағы жобалар. Екінші транштың жоғары жылдам игерілуі бұл қаражаттың жартысы қайта қаржыландырылуға немесе құрылымдауға бағытталды, ал бірінші транш тек жаңа жобаларға жұмсалды», - деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы «Нұрлы жол» халыққа Жолдауында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажетігін атап өтті.  Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді.

 Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика