Инвестициялар

Ә.Исекешев: Қазақстан әр түрлі елдің инвесторларынан 300 ұсыныс алды (ФОТО)

Бүгінгі таңда әр түрлі елдердің инвесторларынан 300 бастама келіп түсті, олар Қазақстанға қаржы құюға әзір, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Astana Invest – 2015» халықаралық республикалық форумында.
Астана қаласы 29 Қазан, 12:46

«Бүгінгі таңда әр түрлі елдердің инвесторларынан 300 бастама келіп түсті, олар Қазақстанға қаржы құюға әзір. Біз тек жаңа инвесторлар бойынша ғана емес, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен де жұмыс істеп жатырмыз, бұл біздің елдің инвестициялық тұрақтылығын көрсетеді», - деді министр.

Оның айтуынша, инвестицияның басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласына жіберу қарастырылып отыр.

«Қазақстан жақын жылдары ДСЫҰ инвестициялар комитетінің құрамына енуді жоспарлап отыр. Бұл бізден ауқымды жұмысты талап етеді. Біз аталмыш ұйымның стандартына инвестициялық ахуалды сай келтіруіміз қажет. Осы жылы Елбасы Қазақстанның сапалы жаңғырылуының 5 басым бағытын айтқан болатын, оның ішінде болашақта инвесторлардың сенімділігін ұлғайту да бар»,- деді ол.

Айта кетейік, «Astana Invest» форумы аясында биыл алғаш рет «Қазақстан – Әмірлік бизнес-форумы» ұйымдастырылды. Бұл қазақстандық бизнес қауымдастық пен араб инвесторлары арасындағы еркін диалог алаңы болды.Сондай-ақ, форум шеңберінде «Астанада жасалған»,«Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік» және елордалық кәсіпкерлердің өзге де инвестициялық жобалары көрсетілген стендтер қойылған көрме алаңы ашылды.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика