Инвестициялар

Қазақстан теңізден шалғай жатқан елдердің ішінде тікелей инвестиция тарту бойынша бірінші орынға шықты

2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан теңізден шалғай жатқан елдердің ішінде тікелей инвестиция тарту бойынша бірінші орынға шықты. БҰҰ мәліметі бойынша, Қазақстан тікелей инвестицияларды тарту бойынша 130 елдің қатарына енді, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев VI Халықаралық инвестициялық форум барысында.
Астана қаласы29 Қазан , 12:24

«Жыл қорытындысы бойынша біз тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша 130 елдің қатарына ендік. Теңізден шалғай жатқан елдердің ішінде тікелей инвестиция тарту бойынша бірінші орынға шықтық», - деді министр.

ИДМ басшысы атап өткендей, инвестицияларды тарту кезінде алдымен инвестиция сапасына өндіріс, жоғары бағалы қызметіне назар аударылады.

«Осы істердің нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде инвестицияның өсуіне куә болдық, ол дәстүрлі салаларға тартылған инвестициядан әлдеқайда жоғары болды», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика