Басқару

Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қазан , 12:03

Мемлекет басшысы заңнамалық актілерді жаңа «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акітілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Мемлекет басшысы халыққа әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейту арқылы оңтайландыру бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына  қол қойды.

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

 




Яндекс.Метрика