Парламент

Қазақстан Ұлыбританиямен құқықтық көмек туралы келісімге қол қоюға мүдделі

Келесі аптада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға сапасы аясында Ұлыбританиямен құқықтық көмек туралы келісімге қол қойылуы жоспарлануда. Бұл туралы Сенатта Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қазан , 12:14

«Келер аптада Мемлекет басшысының сапары аясында ҚР Бас Прокуроры Англиямен құқықтық көмек туралы келісімге қол қою жоспарлануда. Сондай-ақ, Германия, Словакия, Сербия сынды 10 Еуропалық елмен келісімдер дайындалуда. Оған қоса, біз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің осы сынды құжаттарына бірігуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін әрбір ел өз рұқсатын беруі керек, ол бойынша жұмыстар атқарылуда», - деді Ж.Асанов.

Оның айтуынша, Елбасының қолдауымен аталмыш келісімдер Қазақстан үшін «Еуропаға терезе» ашады.

«Біз үшін маңызды елдермен келісім орнату қажет, оның ішінде ЕО елдерімен екіжақты келісімдер орнатып жатырмыз. Олар басында ешқандай қызығушылық танытпаған еді, кейіннен Елбаының араласуымен Испания Королімен 2012 жылы 3 келісімге қол қойып, «Еуропаға терезе» ашты. Одан кейінгі үш жылда (2013-2015) біз құқықтық көмек туралы Италия, Болгария, Чехия, Румыния сынды 12 елмен келісім орнаттық», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика