Инвестициялар

Қазақстанның Иранға сауда миссиясының қорытындысы бойынша 4,9 млн доллардың келісімі жасалды (ФОТО)

«KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі мен Иран Ислам Республикасы Сауда-өндіріс палатасының ұйымдастыруымен қазақстандық өндірушілердің Тегеранға сауда миссиясы аяқталды, деп агенттіктен хабарлады.
Казахстан 29 Қазан, 16:46

Іс-сапардың алдын ала қорытындысы бойынша, келіссөздер аясында қазақстандық металл құбырларын, оптикалық кабельдерді жеткізу, мұнай құрал-жабдықтарының инжинирингі бойынша 4,9 млн долл. жуық қаражат көлемінде келісімге қол қойылды

«Бүгінде біздің  компания «KSP Steel» ЖШС тапсырыс берушімен 5 мың және 1 мың тоннадан иілмелі сым жеткізу туралы  келіссөздер жүргізуде. Атап өткіп келетіні, біз үшін ирандық нарықтың болашағы зор. Бұған дейін біз бұл нарыққа шикізат жеткізетінбіз. Алғаш рет сауда миссиясының құрамында біз әлеуетті сатып алушылармен кездестік, қазіргі танда сенімді серіктес іздестірудеміз», - деп атап өтті «KSP Steel»ЖШС компаниясының өкілі Арсен Алькен.

Делегация құрамында Иранды машинақұрылысы, химия, құрылыс, фармацевтика, тамақ, металлургия салаларындағы 17  қазақстандық  компания аралады.

Іскерлік сапар аясында отандық кәсіпорындар Иранның ұлттық, көтерме-бөлшек сауда және дистрибьюторлық компанияларымен келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасының Мұнай және газ министрлігінде және Жолдар және қалалық құрылыс министрлігінде бірқатар кездесулер өткізілді.

Бұл осымен Тегеранда өтіп жатқан осындай сипаттағы үшінші шара. Алғашқы екеуінің қорытындысы бойынша 78 млн доллардан астам қаржыға келісім жасалды және аталмыш сауда миссияларына 20-ға жуық отандық өндірушілер қатысты. 

«2014 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 986,3 млн долл құрады, оның ішінде Қазақстанның Иранға экспорты 892,5 млн долл, Қазақстанның Ираннан импорты  93,8 млн долл көрсетті», - делінген хабарламада.





Дерекнама

Яндекс.Метрика